Жамбыл аудандық сотында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы аясында қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен А-ға қатысты (әрі қарай ҚР ҚК) (Ұрлық) электронды қылмыстық іс қаралды. 
Аталған қылмыстық іс 28.08.2017 жылы «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы аясында тіркелген болатын.
Іс құжаттарында көрсетілгендей, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, азамат А. 2017 жылы тамыз айының 3 күні Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан «СафДар» жеке шаруа қожалығында жәбірленуші К-нің жалпы құны 40000 теңге болатын 2 бас қойын ұрлап, оған материалдық шығын келтірген.
Басты сот талқылауында сұралған жәбірленуші К. оған қылмыспен келтірілген зиянның толығымен өтелгенін, сотталушы А-ны кешіргенін, татуласқанын айтып, азаматтық талабынан бас тартып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұранып арызданды.
Сот қаулысымен  А. ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, сөйтіп ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігінің негізінде жәбірленушімен татуласқанына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
                                                             
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі