Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережені талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы А.А.Мадемаровтың, судьялар Д.С.Мерзадинова, Д.Б.Дуанбеков, кеңсе меңгерушісі Б.Е.Джунусов және соттың мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережелерін талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.                           
Кеңсе меңгерушісі Б.Е.Джунусов өз баяндамасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережесі 04.09.2017 жылы ҚР ЖС жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті  басшысының өкімімен бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР ЖС Ахуалдық орталығының негізгі міндеттерін, функцияларын және қызмет тәртібін айтып берді.
Бұған қоса, Б.Е.Джунусов Ахуалдық орталық Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен және сот органдарының өзге де ақпараттық жүйелерінен алынған өзекті және шынайы мәліметтердің негізінде сот жүйесі қызметінің жедел көрсеткіштерін шоғырландыру және көрсету мақсатында құрылғандығы екенін айтып берді.
Семинар сабағы барысында соттың судьярымен және сот қызметкерлерімен мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, Судьялық әдеп кодексі мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің және сот отырысын өткізу регламентінің талаптарын қатаң сақтауына назар аударылды.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі