Тараз қаласы №2 сотында «Жекеше айыптау істері бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында «Жекеше айыптау істері бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.Жамашов, судьялар Н.Дауылбаев, Ф.Утешова, А.Дилдабаев және Тараз қалалық прокурорының аға көмекшісі  Ғ.Құрманов қатысты.
Дөңгелек үстелдің аясында қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын арыздарды сотқа жолдау тәртібі, жеке айыптау істерін қарауда қылмыстық процестік кодексінің нормаларын дұрыс қолдану, жеке айыптау істерінің сотта қаралу ерекшеліктері, жекеше түрде қарау үшін сотқа жолданатын арыздардың заңдылығы мен негізділігін, қарау барысында кездесетін қиындықтар мен  өзекті мәселелер талқыланды.
Судья Н.Дауылбаев өзінің баяндамасында, азаматтардың басым бөлігі  жекеше айыптау санатына сай жасалған қылмыстық іс-әрекет салдарынан жәбірленуші тарап бола тұра, жекеше айыптау туралы сотқа шағым жазуға, шағымдануға тиісті білімнің жоқтығынан және айыпталушы тұлға туралы толық мәліметтер білмеу салдарынан, өзінің құқығын жеткілікті түрде қорғай алмайды. Сондықтан, азаматтарға, айыптау туралы қылмысқа тартудың орнына қылмыстық жазаға тартудан бас тарту оңайлық тудырып отыр.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар жеке айыптау істерін қарауда қылмыстық процестік кодексінің кейбір нормаларын қолдану туралы сұрақтары талқыланып, өзара пікір алмасты.
                                                                             
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі