Тараз қалалық сотында "Аудандық және оған теңестірілген сотта іс-қағаздарды жүргізу ережесін сақтау" тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында мамандар арасында "Аудандық және оған теңестірілген сотта іс-қағаздарды жүргізу ережесін сақтау" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында бас маман Г.Ширинбекова, 05 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті басшының өкімімен бекітілген  «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» негізгі ұғымдарын түсіндірді.
Сонымен қатар,  ic қағаздарын жүргізу ережесі бойынша пайдаланылған, құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға басшылық жасау, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және бөлу, шығыс хат-хабарларды және құжаттарды рәсімдеу, жіберу тәртібіне, сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу, сот істерін  қарауға дейін рәсімдеу және адамдардың сотқа  келуін қамтамасыз  ету және т.б. талаптарына түсіндірме берді. 
Семинар сабағының соңында мамандар тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарын талқылады.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі