«Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға судьялар К.А.Кенжебеков, А.Ш.Маликова, Л.И.Ильясова, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты А.Оразбакова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универститетінің ғалым-оқытушылары, заң ғылымының кандидаттары А.Б.Алимбетов және М.О.Досанов қатысты.
Іс-шара барысында Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды.
Судья А.Ш.Маликова «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуын, сонымен бірге озық IT-технологияларды енгізу, ақпараттық жүйелерді шоғырландыру -  сот төрелігінің ұтқырлығы мен ашықтығын айтарлықтай арттырып, отандық сот ісін жүргізуді жеңілдететінін ашып көрсете отыра, соттың заманауи жағдайдағы жұмысы туралы айтты. 
Заң ғылымының кандидаты А.Б.Алимбетов Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «жоғары білімді адам ғана табысты өмір сүре алады, білімнің жоғары деңгейінің арқасында мамандықты өзгерте алады»,- деп, болашақта дамудың мықты діңгегі – білім екенін нақтылап өтті.
Сонымен бірге, А.Б.Алимбетов ұлттық құндылық, тіл мен дәстүр, мәдениет арқылы жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасты.
                                                                      
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі