Рухани жаңғыру - мемлекеттілік нығаюының алғышарты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Рухани жаңғыру - мемлекеттілік нығаюының алғышарты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға соттың төрағасы А.А.Мадемаров, судьялар Д.С.Мерзадинова, Д.Б.Дуанбеков, кеңсе меңгерушісі Б.Е.Джунусов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Қ.Серікбаев, «Еңбекші» газетінің бар редакторы Б.А.Бекназаров, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.А.Аманкулова қатысты.
Дөңгелек үстелді ашып, соттың төрағасы А.А.Мадемаров «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақстандықтардың ХХІ ғасырдағы ұлттық санасын дамытудың нақты жолдарын ұсынғанын және рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлтты сақтау қажеттілігін атап өткенін айтты.
Іс шара барысында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Е.Қ.Серікбаев «Хантау – қазақ хандығы құрылған өлке» тақырыбындағы өз баяндамасында Хантау темір жол стансасының өлкесінде құрылған қазақ хандығының тарихы және географиалық орны туралы айтып берді.
Сонымен қатар, «Еңбекші» газетінің бар редакторы Б.А.Бекназаров және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.А.Аманкулова өз баяндамаларын оқыды.
Іс-шара соңында соттың төрағасы А.А.Мадемаров шақырылған қонақтарға дөңгелек үстелге келгені үшін алғысын білдіріп, олармен тығыз қызметтестік орнатуға дайын екенін айтты.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі