Поезда ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында бұзақыға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот қаулысына сай,  09.06.2016 жылы №56 «Қызылорда-Көкшетау»  бағытына қатынайтын жолаушылар поезының №4 вагонында азамат А. алкогольді мас күйінде жолаушыларға намысына тиетін сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті және жолаушылардың тыныштығын бұзған, яғни ҚР-ның ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылықты)  қаралған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен құқықбұзушыға әкімшілік жаза ретінде 3  тәулікке қамаққа алу қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі