Облыс соттарының қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты мақаласын жүзеге асыру аясындағы іс-шараларға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.Жамашов, соттың судьялары А.Ділдабаев, А.Қорабаева, соттың мемлекеттік қызметкерлері және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ң оқу-ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Абдуалы, доцент, факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты Ә.О.Ыбрайым, филология ғылымдарының докторы, «филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі М.Р.Көпбаева, доцент, филология ғылымдарының кандидаты З.А.Құламанова мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ң студенттері қатысты.
«Дөңгелек үстелді» Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.Жамашов ашып, Елбасының жариялаған билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде үндеуі мен Қазақстанның «Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу – мемлекетіміздің басты мақсаты. Жаһанданудың бұл жаңа қадамы рухани жаңғырудан басталып отыр. Сол үшін заман ағымына қарай икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру қажет», - деді Н.Жамашов.
 «Дөңгелек үстелге» қатысушылар да ат салысып өз баяндамаларын жиналған аудиторияға паш етіп, мақала аясында айқындалған болашақта жасалатын жоспарларды, нақты жобаларды жүзеге асыруға, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің тиімділігін, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан шараларды атап өтті.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс шараға  аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев, судьялар С.Қалқабаев, Л.Байтленова, мемлекеттік қызметшілері және «Құлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.
Судья Л.Байтленова, Елбасымен белгіленген қадамдар барлық Қазақстандықтар үшін тәуелсіздік жетістіктерінің және жарқын болашаққа ұмтылыстарының негізгі бастамасы болмақ, заманға сәйкес жаңғырту – бұл шынымен де біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Рухани және ұлттық құндылықтарды жаңғырту жолдары өте маңызды болып табылады. Жаңа жағдайда жаңғыру  деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың  ең басты қағидасы, екенін айтып өтті.
Мойынқұм аудандық сотында «Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аталған іс-шараға аудандық соттың судьясы Б.Далибаев, кеңсе меңгерушісі Г.Рахимова және  Аудан әкімдігінің ішкі-саясат бөлімінің әдіскері Н.Убайдаш, Аудан әкімдігінң білім бөлімінің әдіскері Н.Пернебаев, Ж.Қуанышбаев ат. мұражайдың қор сақтаушысы М.Қорғанбекова, Аудандық кітапхана менгерушісі Ғ.Шубаева, Аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінң әдіскері Б.Сырымбетов, М.Жумабаев ат. мектебінің тарихшысы С.Жақсылық және «Мойынқұм таңы» газетінің тілшісі А.Қуаныш қатысты.
Б.Далибаев өз баяндамасымен Елбасының бағдарламалық мақаласы — халықтың, қазақтың үлкен, ұлы мәселесі. Сондықтан бұл мақала санасы сергек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығына өте түсінікті деп ойлаймын. Онда халыққа барлық мәселелер өте нақты түрде айтылған. Елбасы өз мақаласында бүгінге дейін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі айтылғанын, ендігі уақытта солардың негізгі ұстамы — рух мәселесін көтеру керектігін айтады.
                                                                                    
 Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі