Мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап ету туралы дау толығымен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында талапкер Б. жауапкер К. мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап ету туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.   
Азаматтық істен анықталғандай, 2013 жылы Б. өзіне тиесілі 1995 жылғы  «Mitsubishi Pajero» авто көлігін жауапкер К-ға сатқан, ол көліктің жарты бағасын төлеген, қалған соманы авто көліктің құжаттарын рәсімдегеннен кейін төлейтінін айтқан. Сонымен қатар К. сатып алған күннен бастап авто көлікті рәсімдегенге дейін салықты төлеуге міндеттенген, алайда аталған міндетті орындамаған. Талап арызды өткізген күнге дейін авто көліктің салыққа қарыз сомасы 127 535 теңгені құраған.  
Тараз қалалық сотының шешімімен Б. талап арызы толығымен қанағаттандырылды, жаупкер К. талап қоюшы Б. пайдасына 1995 жылғы  «Mitsubishi Pajero» көлік құралы алдыртылды. 
Шешім заңды күшіне енген жоқ.  
                                               
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі