«Медиация –дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеудегі нәтижелі әдіс»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс- шараға  судья А.Ахметова, Меркі АІІБ- нің өкілі  К.Бурханалиев,  медиаторлар Х.Атыханова, У.Бургеев және  сот мамандары қатысты.
Іс-шара барысында судья А.Ахметова  медиация кабинетінің азаматтарға «Медиация туралы» Заңның нормаларын жеткізу және сотқа дейін медиация арқылы шешу жұмыстарын жүргізу  мақсатында ашылғандығын атап өтті. 
Кездесу барысында судья А.Ахметова  ағымдағы жылдың басынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді пилоттық жоба енгізілгенін ескертті.  Әдепкі пилоттық жоба  ағымдағы жылдың шілде айына дейін жүзеге асырылған болатын, дегенмен ол жылдың аяғына дейін ықпал ететіндігін,  кейінгі  сотқа дейін реттеу істердің санаттарын мақсатқа лайықтылықты анықтау туралы ұсыныстарын енгізу керек екені туралы  атап өтті.
Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар  медиация туралы жергілікті тұрғындардын оң баға беріліп жатқандығын атап өттті.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі