Қордай аудандық сотында 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы С.Тұрғынбаев, сот кеңсесінің кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Альханова, судьялыққа кандидат С.Чарипбекова және «Қордай шамшырағы», «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері қатысты.
Сот төрағасы С.Тұрғынбаев өзінің баяндамасында тілшілерге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлімдеді. 2017 жылдың сегіз айында  аудандық сотпен 195 адамға қатысты 174 қылмыстық іс қаралган, оның ішінде үкім шығару арқылы 131 адамға қатысты 125 іс қаралған, 15 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 172 қылмыстық іс қаралды.
22 қылмыстық іс прокурорға жолданған, оның ішінде 10 адамға қатысты  іздеу жариялау үшін, 7 адамға қатысты ҚР ҚПК-ң 323 бабын бұзу бойынша кемшіліктерді жою үшін және 1 адамға қатысты  ҚР ҚПК-ң 623 бабының 1 бөлігі, 2,3 тармақшаларымен, 2 адамға қатысты  ҚР ҚПК-ң 626 бабының 1 бөлігі, 1,2,3 тармақшаларымен тәртібіне сай жолданған, 2 адамға қатысты басқа негіздер бойынша  жолданған.
Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 39 қылмыстық іс, оның ішінде халықаралық пактіге сілтеме жасап 3 қылмыстық іс қаралды.
Аталған есеп мерзімінде 1227 тұлғаға қатысты 1227 әкімшілік  іс қаралған, 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 1195 әкімшілік іс қаралды. Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 1193 әкімшілік іс қаралды.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 8 айында 1077 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 495 шешім, 455 сот бұйрығы шығарылған, медиация заңнамасы арқылы 42 азаматтық іс, 2 іс бітімгершілік келісімімен аяқталған, партисипативтік келісімімен  1 азаматтық іс аяқталған, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 491 азаматтық іс қаралды.
8 айдың  есеп беру аралығында Қордай аудандық сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында 71 мақала, сайтта 57 материал жарияланды, 3 баспасөз-мәжілісі, 3 брифинг, 15 дөңгелек үстел, 29 семинарлық сабақ, 8 ашық есік күні өткізілген.
Соңында сот төрағасы сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті. 
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы С.Тұрғынбаев  БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі