Бөтеннің заңсыз иелігіндегі мүлікті алу туралы дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы «Ш-Л» ЖШС-нің жауапкер ЖК А.С.-ға бөтеннің заңсыз иелігіндегі мүлікті алу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы өзінің талап арызында араларында жасалған келісім шарт бойынша жауапкер талап қоюшының тауарларын өткізу үшін 73 бірлік көлеміндегі тоңазытқыш құрылғыларын уақытша пайдалануға алғанын көрсеткен. Алайда, жауапкер келісім шарт талаптарын орындамай, талап қоюшының тауарларына тапсырыс бермей, құрылғыларды өзге өндірушілердің тауарларын сату үшін қолданған. Қазіргі таңда жауапкер тек 28 бірлік құрылғыларды қайтарып, қалған 45 бірлік құрылғыны қайтармаған.
Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар келісімге келіп, дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.
Келісім бойынша талап қоюшы жауапкердің заңсыз иелігіндегі мүлікті, 1 497 154 (бір миллион төрт жүз тоқсан жеті мың жүз елу төрт) теңге баланстық құны болатын 45 бірлік тоңазытқыш құрылғыларын алу туралы талаптарынан бас  тартады. Өз кезегінде, жауапкер 36 бірлік тоңазытқыш құрылғыларын 2017 жылдың 30 қарашасына дейін қайтаруға міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшыға мемлекеттік баж салығы бюджеттен қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі