Билік өкіліне бағынбай қарсылық көрсеткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 379-бабының 1 бөлігімен (билік өкіліне бағынбай қарсылық көрсеткен)  көзделген айыпталушы   А.-ға  қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Қылмыстық іс-құжаттарынан Жамбыл аудандық ІІБ-нің полиция қызметкері хабарлама бойынша Тастобе ауылындағы оқиға орнына келіп азамат А. алкогольдік мас күйінде болғанын көріп, оған полиция бөліміне баруын талап еткен. Алайда, А. полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай,  оқиға орнынан бой тасалап кетуге әрекеттенген. Осыған қарамастан полиция қызметкері оны мәжбүрлеп полиция бөліміне жеткізген. Ол билік өкіліне бағынбай қарсылық көрсеткен.
Соттың үкімімен азамат А.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 379-бабының  1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 25 АЕК яғни, 53025 теңге айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.            
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі