Байзақ аудандық сотымен «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын іске асыруда туындайтын мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында судьялардың, прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын іске асыруда туындайтын мәселелерді талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шарада тергеу судьясы А.Назаркулов сөз сөйледі. Ағымдағы жылдың 15-тамызынан бастап «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылған. Жобаның мақсаты – қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізу, оның айқындығын арттыру, қылмыстық процесстің мерзімін қысқарту, сондай-ақ қағаз жұмыстарын оңтайландыру болып табылады.
«Дөңгелек үстел» қатысушыларының арасында «Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрі» ақпараттық жүйесі арқылы іс-құжаттарды сотқа жолдаумен байланысты мәселелер ерекше пікірталас тудырды.
Іс-шара қатысушылары карточкаларды дұрыс әрі толық толтыру, процессуалдық құжаттардың тізімге сай толық енгізілуі және электронды нұсқадағы құжаттардың қағаз жүзіндегі нұсқаға сай болу мәселелерін талқылады.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша судьялар құқық қорғау органдары бірлескен бұйрықтан туындайтын барлық талаптарды орындап, пилоттық жобаның дұрыс іске асырылуын қамтамасыз ету және қылмыстық іс-құжаттарын әзірлеуде заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. 
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі