«Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» атты тақырыпта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында құқықтық сауаттылықты және сот қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру мақсатында кеңсе менгерушісінің м.а. А.Каржауова және сот мамандарының  қатысуымен  ««Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Бас маман сот отырысының хатшысы А.Джумаева  соттың мамандарына азаматтық істерді дұрыс және тиісті түрде апелляциялық сатыға жолдау туралы айтып өтті. Апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі. Бірінші сатыдағы соттың судьясы шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, прокурор өтінішхатының көшірмелерін не соттың интернет-ресурсы арқылы бұлардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлауды жібереді.
Тараптарға ұсыну мерзімі көрсетіле отырып, олардың шағымға, прокурордың өтінішхатына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі, осы аталған мерзім өткен соң, іс апелляциялық сатыға жолданады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта жұмысты оңтайландыру мақсатында ұсыныстар енгізді.
                                                                        
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі