Тараз қаласының №2 сотында «Біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданысын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Тараз қаласы №2 сотының төрағасы М.Байсариев, судьялар және сот қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы М.Байсариев өзінің сөзінде, Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс» - деген талапқа сай жұмыс істеуіміз керектігін атап айтты.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы бұрынғыға қарағанда артып келеді. Дегенмен де, әлі де ұмтылыс қажет. Мемлекетіміздің алға қойып отырған мемлекеттік тілге қатысты тапсырмасын біздер, мемлекеттік қызметкерлер үлгі болып іске асыруға тиіспіз, ол біздің парызымыз. Осы шараны уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары – Сіздермен бірге өткізуді жоспарлауымыздың себебі де осында екендігі айтылды.
Сонымен қатар, М.Байсариев статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. 2016 жылдың 1-ші тоқсанында соттың өндірісіне жалпы 3893 кіріс құжаттары келіп түскен, оның ішінде қазақ тілінде 3462 құжат келіп түскен, яғни, бұл 90,1 пайызды құрайды. Шығыс құжаттарының жалпы саны 4128 оның ішінде қазақ тіліндегі құжаттар 3843, яғни 93,1 пайыз.
Өз кезегінде кеңсе меңгерушісі  Ж.Кутумбетова, мемлекеттік тіл туралы көп айтуға болатынын, әр мемлекеттің мемлекеттік тілі ол  мемлекеттің негізі мен белгісі болып табылатынын, «Қазақ тілі» - мемлекеттік тіл болғандықтан, мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп, сақтап және оны дамыту  барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің басты міндеті мен жауапкершілігі екендігін айтты.  
Семинар сабағының соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып осындай жиындардың маңыздылығын атап өтті.
 
Қайнар: Тараз қаласының №2 сотының баспасөз қызметі