Жамбыл аудандық сотында «Сот кабинетін қолданудың тиімділігі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында «Сот кабинеті жүйесін қолданудың тиімділігі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Жамбыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі сотқа келушілерге «Сот кабинеті» жүйесі арқылы сот органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге мүмкіндік беретінін түсіндірді. Сот кабинеті арқылы азаматтар талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына ескертпе келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді беру болатындығын атап көрсетті.
Сонымен қатар, ашық есік күніне келушілерге кез келген ел тұрғыны өзіне қолайлы уақытта сот актілерін қарап, істің құжаттарымен танысып, сот актісін басып шығара алатындығын, мұндай жаңа электрондық жобалар азаматтардың пошталық қызметтерге жұмсалатын қаржылық және уақыт шығынын үнемдеуге мүміндік беретіндігі де түсіндірілді.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі