Архив событий

20/10/2017

Әдеп бойынша уәкілетті тұлғамен Байзақ аудандық және Т.Рысқұлов аудандық сотының мемлекеттік қызметкерлерімен жеке кеңестер өткізілді

20/10/2017

ҚР заңнамасының бұзылуын болдырмау және ескертуге бағытталған алдын алу шараларын өткізу мақсатында Жамбыл облысы соттарының мемлекеттік қызметкерлерімен, әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға - Соттар–әкімшісінің орынбасары Г.Тұрдыевамен орындарына барумен Байзақ аудандық және Т.Рысқұлов аудандық сотының мемлекеттік қызметкерлерімен адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға жеке кеңестер өткізілді.

 

Сот әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы М. Атибеков Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьяларымен және мемлекеттік қызметкерлерімен семинар өткізді

20/10/2017

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Сот әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы Мейірхан Атибековтің жүргізуімен «Судьялардың және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

 

Жамбыл облыстық сотымен қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына сот актілерінің құрылу сапасы бойынша семинар өткізілді

20/10/2017

Семинар жұмысына облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абидов Н.М., облыстық соттың судьясы Яковлева С.В., сондай-ақ облыстың судьялары қатысты.

 

Жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

20/10/2017

Тұрар Рысқұлов  аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының  2-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан  бұзушылығы)  әкімшілік іс қаралды.

 

Жуалы аудандық сотында қазақ тілін тереңдетіп оқу курстары жүргізіліп жатыр

20/10/2017

Жоғарғы Сотпен 2017 жылғы 18 мамырда өткізілген «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» қарарын іске асыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарының 5-тармағын орындау мақсатында Жуалы аудандық сотында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқу курстары жүргізілуде.

 

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тіл

20/10/2017

Сарысу аудандық сотында төрағаның міндетін атқарушы М.Уркимбаев,  Сарысу ауданының Әділет басқармасының өкілі М.Шарипбеков, АҚ « Халық банкінің» өкілі Н.Алжанов және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот жүйесіндегі   мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Қылмыстық процестегі медиация

20/10/2017
Тараз қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің  202 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен / Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру/ айыпталып сотқа берілген К. мен З-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында талқыға салынды

20/10/2017

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Жамбыл облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлім бастығы Р.Болжамбаевтың және сот қызметшілерінің қатысуымен қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау және сотта жемқорлықты ескерту шараларын талқылау бойынша жедел кеңесі өткізілді.

«Медиация туралы не білеміз?»

20/10/2017

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы З.А.Габоева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына  «Медиация туралы не білеміз?» тақырыбында сұхбат берді.

 

Талас аудандық сотында «Мүлікке тыйым салу және оның тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/10/2017

Талас аудандық сотында судья Б.А.Жармұхамбетов Талас аудандық прокуратураның аға прокуроры М.Темиржановтың, Талас аудандық ІІБ-нің тергеушісі Р.Д.Төлепбергеновтың, пробация қызметінің өкілі Д.Каркимбаевтың, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ж.Шормаковтың  қатысуларымен  «Мүлікке тыйым салу және оның тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.