Сот әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы М. Атибеков Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьяларымен және мемлекеттік қызметкерлерімен семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Сот әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы Мейірхан Атибековтің жүргізуімен «Судьялардың және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев, судьялар С.Қалқабаев, Л.Байтленова,  кеңсе меңгерушісі Г.Орымбекова және сот мамандары қатысты.
Семинар барысында Мейірхан Атибеков судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс екенін атады.
Сот қызметкерлерінің қызметтен тыс уақытта мінез-құлық стандарттарын  сақтауы, оның ішінде әдепке сай емес көріністерге пікір білдіруге, бөлісуге жол бермеу  мәселесін ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды,  мемлекеттік органда азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңдылықтың сақталуы туралы айтып, кейбір кездесетін мәселелерді де атап өтті.
Шара соңында М.Атибеков судьялар мен сот қызметкерлеріне әдеп нормаларын қатаң сақтауды ескертті.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі