Архив событий

19/10/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Байзақ аудандық сотында және Т.Рысқұлов аудандық сотында көшпелі азаматтарды қабылдау өткізеді

19/10/2017

2017 жылдың 20 қазанында сағат 10:00 ден 12:00 ге дейін Тұрар Рысқұлов аудандық сотының ғимаратында, сағат 16:00 ден 18:00 ге дейін Байзақ аудандық сотында Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім сот жүйесінің ашықтығын, мөлдірлігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізеді.

 

Жамбыл облысында бұрынғы полиция қызметкері сотталды

19/10/2017
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотының баспасөз орталығында БАҚ өкілдерімен брифинг өтті, оның барысында судья Дәуренбеков А.А.-мен пара алу фактісі бойынша АІІБ-нің бұрынғы полиция қызметкері Ж.А.-ға қатысты қылмыстық істің қаралу қорытындылары айтылды

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

19/10/2017

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануы» тақырыбында төраға м.а. Қ.Үсембаеваның, судьялар Д.Мәуленовтың, Д.Мерзадинованың, Д.Дуанбековтың және Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокурорлары А.Жұмабековтың, М.Рахымбектің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

19/10/2017

Жамбыл аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында  сот төрағасының м.а. Г.Алимкулованың, судья А.Дауренбековтың, кеңсе меңгерушісі А.Казкеновтың, аудандық прокуратураның аға прокуроры Ж.Миралиеваның, аудандық ІІБ өкілдері М.Нурмановтың, Е.Сансызбаевтың, адвокат Ф.Бекмухамбетованың қатысуларымен семинарлық сабақ өткізілді.

 

Шу аудандық сотында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді

19/10/2017

Шу аудандық сотында «Туу туралы куәлік алмаған және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұлғаларды құжаттандыру» бойынша ынтымақтастық туралы 26.09.2017 жылы қол қойылған меморандум аясында құрылған жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

 

Алтын бұйымдарды ұрлағаны үшін сотталды

19/10/2017

Жамбыл облысының Жуалы аудандық сотымен азамат К. қатысты, ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша қылмыстық ісі қаралды.