Жуалы аудандық сотында қазақ тілін тереңдетіп оқу курстары жүргізіліп жатыр

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жоғарғы Сотпен 2017 жылғы 18 мамырда өткізілген «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» қарарын іске асыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарының 5-тармағын орындау мақсатында Жуалы аудандық сотында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқу курстары жүргізілуде.
Аталған оқу курстарын аудандық соттың барлық ұжымы өтуде. Оқыту курстарын өткізіп жатқан тілдерді оқыту орталығының меңгерушісі Н.Н.Туткышбаева оқыту кезінде заманауи әдістерін қолдануда. Мемлекеттік тілді оқыту курстары тілді білу деңгейлері тереңдетілген топта яғни «С-1» санатымен жүргізілуде.
Курстарды өту барысында сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу бағыттарына, сот-құқық терминологиясын дұрыс қолдану, сөйлеу мәдениетіне, аударманың түпнұсқамен сәйкестігін қамтамасыз ете алуына, ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын меңгеруіне баса назар аударылып отыр.
Оқыту курсының нәтижесінде оқытушылар тіл үйренушілердің жоғарыда аталған дағдыларды меңгергендігіне тест және ауызша емтихан арқылы тексеру жүргізіліп, қорытынды емтихан сынағынан сәтті өткен тіл үйренушілерге тиісті сертификат беріледі.
 
               
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі