Жамбыл облыстық сотымен қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына сот актілерінің құрылу сапасы бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Семинар жұмысына облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абидов Н.М., облыстық соттың судьясы Яковлева С.В., сондай-ақ облыстың судьялары қатысты.
Абидов Н.М. өз сөзінде қатысушыларға қылмыстық істерді қарауда облыс соттарының судьяларымен шығарылатын сот актілеріне баға беріп, ұйымдастырылған семинар сабақтарының мақсатын түсіндірді.
Ары қарай, қаулылар мен үкімдердің құрылымы мен мазмұнын процессуалдық заңнаманың талаптарына сай келтіру мақсатында Жамбыл облыстық сотында судьялардың сот актілерін құру сапасы бойынша комиссиясының мүшесі С.В.Яковлева бірінші топтың судьяларымен тренингтер өткізді.
Аудандық және қалалық соттардың судьялары машықтандыру үлгісінде үкімнің қарарлық бөлігінде кең таралған қателіктерді көрсететін (қарар бөлігінің шешілуіне бастауыш, сөздерді дұрыс қолдана алмаумен, септік жалғауларының қиысуымен, сөздердің орналасу тәртібінің бұзылуымен және сөйлем құрумен, сұрақтарды баяндау тәртібімен байланысты орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық) сәйкессіздіктерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.
Тренингтің қорытындысы бойынша анықталған қателіктер сондай-ақ үкімнің қарар бөлігін дұрыс дайындаудың теориялық қырлары талқыланды. Судьялардың сот актілерін құру сапасы бойынша комиссиясының мүшесінің басшылығымен бірінші сатының судьяларымен сот актілерінің қарар бөлігінің дұрыс үлгісі жасалып шығарылды.
Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылып, пікірлерімен алмасты.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі