Шу аудандық сотында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында «Туу туралы куәлік алмаған және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұлғаларды құжаттандыру» бойынша ынтымақтастық туралы 26.09.2017 жылы қол қойылған меморандум аясында құрылған жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Отырысқа  аудандық соттың судьясы Б.Абуев, аудандық әкім аппаратының АХАЖ бөлімінің басшысы А.Ерғазы, аудандық әкім аппаратының білім бөлімінің бас маманы А.Чимкентбаева, Шу ауданы прокуратурасының аға прокуроры А.Б.Сейсебаева, Шу АІІБ-нің көші-қон бөлім бастығы Б.Жиенбеков, жергілікті полиция бөлімінің орынбасары А.Байжанов және аудандық ХҚКО бастығы Е.Онбаев қатысты.
Судья Б.Абуев атап өткендей, бұл кездесу халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін өсіру,  қаржылық жағдайға байланысты туу туралы куәлік алмаған және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұлғаларды құжаттандыру бойынша жоғарыда аталған органдардың арасында өзара іс-қимылды нығайту талабымен аудандық сот төрағасы мен аудан әкімімен бекітілген жұмыс тобының жоспарын жүзеге асыру мақсатында өтті.
Кездесу барысында полиция бөлімшесінің инспекторларына жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген тұлғаларды анықтау туралы нақты нұсқаулар берілді.
Судья Б.Абуев қатысушыларға алғысын білдіріп, оларды меморандумды іске асыру шеңберінде өз жұмыстарын жандандыруға шақырды.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі