Жуалы аудандық сотында «Еңбек тәртібін сақтау» атты тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, «Еңбек тәртібін сақтау» атты тақырыбында семинар өткізілді.    
Аталған іс шараға соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, судья А.А.Замбаев, Б.Жамалбекұлы  және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Сот төрағасы Б.И.Мүлкібаев өз сөзінде, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын, ішкі еңбек тәртібі ол белгілі бір жұмыс режимі, онда еңбек қатынастарының әр субъектісі еңбек заңнамасында көрсетілген белгілі бір құқыққа ие және оның еңбек ұжымындағы орнынан туындайтын тиісті міндеттері және өндірістік және әлеуметтік міндеттерді шешудегі рөлдері бар екенін атап өтті.
Семинар шеңберінде, сот төрағасы қызметкерлерге мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсаты нақты көрсетілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығын есте сақтау керектігін ескертті.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға назар аударды.
Семинар соңында сот төрағасы, мамандарға еңбек тәртібін қатаң сақтап, мемлекеттік биліктің беделін нығайту қажеттілігін ескертті.
                                                             
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі