Алтын бұйымдарды ұрлағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының Жуалы аудандық сотымен азамат К. қатысты, ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша қылмыстық ісі қаралды.  
Іс материалдары бойынша, сотталушы К. Жуалы ауданы Сұрым ауылында тұратын туыс әпкесі Д. үйіне қыдырып келіп, ертесіне аталған үйде әпкесінің сұрауы бойынша шаруашылық жұмыстарын істеп жүрген кезінде, киім шкафының ішінде алтын бұйымдардың тұрғанын көріп оның қылмыстық ойы туындаған. Сотталушы К. бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында аталған шкафтың ішінен жалпы құны 100000 теңге тұратын алтын алқаны және жалпы құны 100000 теңге тұратын екі алтын сақиналарды жасырын ұрлап, жәбірленуші Д.-ға 200000 теңге мүліктік залал келтірген.
Сот мәжілісінде, сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, аталған іс әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Сот үкімімен,  сотталушы  К. ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу туралы жаза тағайындалды.
Пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі