Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сүйенсек, Ақарал ауылының тұрғыны сотталушы Б. жәбірленуші К.-ны ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтірген.
Сот процессінде тараптардың медиация тәртібімен бітімгерлікке келуіне байланысты, жәбірленуші К. соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Сот қаулысымен Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 108-бабы теріс қылық жасау бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірісімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.              
 
 Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі