Архив событий

12/05/2017

Талас аудандық сотында «Тіл- ұлт келбеті. Мемлекеттік тілдің сот салысында қолданылу сапасы» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

12/05/2017

Талас аудандық сотында судья Б.Жармұхамбетов кеңсе меңгерушісі А.Қалабаевтың, Талас аудандық прокуратурасының прокуроры  М.Темиржановтың, Талас ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы  М.Асабаевтың,  Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты С.Бердиярованың, аудандық соттың жетекші маманы А.Қазбекованың  қатысуларымен «Тіл- ұлт келбеті. Мемлекеттік тілдің сот салысында қолданылу сапасы» тақырыбында  семинар сабағын өткізді.

 

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау және сотта жемқорлықты ескерту шаралары талқыланды

12/05/2017

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Жамбыл облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлім бастығы Р.Болжамбаев қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау және сотта жемқорлықты ескерту шараларын талқылау бойынша жедел кеңесін өткізді.

 

Байзақ аудандық соты «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» тақырыбында семинар сабағын өткізді

12/05/2017
Байзақ аудандық соты «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Медиация заңын қолдану тәртібін түсіндіру жұмысы жүргізілді

12/05/2017

Талас аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы №6001-17-7-4/16  өкімімен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша  пилоттық жобаны іске асыру бойынша бекітілген кестеге сай  «Медиация – заман талабы» тақырыбында  насихат жұмысы жүргізілді.

 

Басқа әскери қызметкерді қорлағаны үшін әскери қызметкер жазаланды

12/05/2017

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 652-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық бойынша азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.        

 

Дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

12/05/2017

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы ЖШС «G. C.» жауапкер «B.» ЖШС-нан 674 800 теңге  көлеміндегі  қарыз соммасын, 33 740 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.