Архив событий

16/05/2017

«Сот отырысы барысында дыбыс - бейнежазба құралдарын қолдану ережесі» тақырыбындағы семинар

16/05/2017

Сарысу аудандық  сотының  кеңсе меңгеруші Г.Несипбековамен сот мамандарының арасында сот отырысы барысында дыбыс - бейнежазба құралдарын қолдану, оларды сақтау мен  жою мәселелері бойынша оқып-үйрену семинары өткізілді.

 

Дауды бейбітшілікпен шешті

16/05/2017

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында, талап қоюшы С.-ның жауапкер шаруа қожалығының басшысы А.-дан жер үлесін қайтарып алу туралы азаматтық  ісі қаралды.


 

Жуалы аудандық сотымен ұрлық жасаған тұлғаға қатысты сот үкімі жарияланды

16/05/2017

Жуалы аудандық сотында азамат Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 188 бабының 2 бөлігінің 3-тармағы (тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізген

16/05/2017
Жуалы аудандық соты азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық істі қарады.

Рақымшылық бойынша жазадан босатылды

16/05/2017

Тараз қаласы №2 сотында  сот үкімдерін орындау және мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бөлімінің сот орындаушысының сотталған К.-ны «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13-желтоқсандағы №27-VI Заңына сай  жазадан босату туралы ұсынысы қаралды.