Архив событий

15/05/2017

Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асырғаны үшін сот әкімшілік айыппұл салды

15/05/2017

Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi  орындамауы)    құқық бұзушы Ж.Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 

Тараз қаласы №2 сотында парақорлыққа делдал болу және пара беру фактісі бойынша үкім шықты

15/05/2017

Тараз қаласы  №2 сотында  ҚР ҚК-нің 368-бабының  2-бөлігімен (парақорлыққа делдал болу, бірнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет) айыпталып, сотқа берілген К.Н-ге,   ҚР ҚК-нің 367-бабының  1-бөлігімен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру) айыпталып, сотқа берілген А.М.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жамбыл аудандық сотының ұжымы сенбілік өткізді

15/05/2017

Демалыс күндері Жамбыл аудандық сотында жөндеу жұмыстарынан кейін сот ұжымы аудандық сот ғимаратының аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру шарасы шеңберінде сенбілік өткізілді.

 

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін жазаланды

15/05/2017

Тараз қаласы  №2 сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының  3-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, тұрғын, үй-жайға заңсыз кiрумен ірi мөлшерде жасалған ұрлық) айыпталып, сотқа берілген П.О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Азаматтық дау медиация тәртібімен реттелді

15/05/2017
Жуалы аудандық соты талап қоюшы «АТФБанк» АҚ-мы жауапкерлер Т.-ов, К.-ев және Т.-тен қарызды өндіру және кепілдегі мүлікті мәжбүрлеп өндіру туралы азаматтық істі қарады.