Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында азамат К.-ға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қаралып аяқталды.
Азамат К. жәбірленуші Б.-ны ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот процессінде жеке айыптаушының құқықтары түсіндірілгеннен кейін жәбірленуші Б.-дан соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Тараптар іс бойынша медиаторға жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітіп және татуласты.
Сотпен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі