Жамбыл облысының экономикалық сотында «Төлем қабілетсіздігін реттеу бойынша азаматтық істерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Төлем қабілетсіздігін реттеу бойынша азаматтық істерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға соттың судьялары, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің бас маманы С.Байузаков, Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары А.Дунбаев, Е.Пардабеков және БАҚ өкілдері  қатысты.   
Белгіленген тақырыпта соттың судьясы Е.Тажибаев баяндама оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жаңа, «Төлем қабілетсіздігін реттеу» - атты 2-1 тараумен толықтырылып, онда борышкер мен кредитор арасында жасасқан төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім негізінде төлем қабілеттілікті қалпына келтірудің жаңа механизмін қолданудың шартты мен тәртібі белгіленгендігін атап өтті. Сонымен қатар, уәкілетті органмен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру жөнінде үздіксіз жұмыстар жүргізілу қажеттігі туралы айтылды.
Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін кеңірек дамыту және қолдану мақсатында дөңгелек үстелге қатысушылар ұсынымдарды жасап шығарды, сонымен қатар, заңды қолдануда туындайтын сұрақтарды талқылап өз пікірлерімен алмасты.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар осындай жиындардың маңыздылығын атап өтті.
 
Қайнар:Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.