Архив событий

29/07/2016

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталған Қырғызстан Республикасының азаматы Ирисбек Равшанбекович Пермановқа қатысты қылмыстық істің қаралды

29/07/2016
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 286 бабының 4-бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы аса ірі мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы), 297 бабының  3-бөлігі 1, 3 тармақтарымен ( өткізу мақсатында адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтау, тасымалдау) айыпталған Қырғызстан Республикасының азаматы Ирисбек Равшанбекович Пермановқа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерде болуы

29/07/2016

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен азамат Нағым Илдусовна Белаловаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жұмысқа қайта орналастырылды.

29/07/2016
Талас аудандық сотымен талап қоюшы Б.Бекетаевтың Талас ауданының Әкіміне  Талас ауданы Әкімінің жұмыстан босату туралы өкімінің күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне орташа айлық жалақысын өндіру туралы талап арызы  бойынша қозғалған азаматтық іс бойынша талапты  қанағаттандыру туралы шешімін жариялады.

 

Жамбыл облысы Талас аудандық сотында Г.Алмазовқа қатысты қылмыстық іс қаралды

29/07/2016

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, «Прогресс Инжиниринг» ЖШС-нің директоры болып қызмет істеп, қаржылық, банктік құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие бола тұра, бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе қиянат жасау арқылы аляқтық жасап алуға қылмыстық ой туындап, Талас ауданының жол қатынастары бөліміне бірнеше келісім шарт бойынша орындалмаған жұмысты орындалды деп жалғандық жасап, көрсетіп, ірі мөлшерде мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқаруға қарсы қылмыс жасаған.

 

Меркі аудандық сотының төрағасы А.Дәуренбековтың төрағалығымен, судьялардың, сот қызметшілерінің, қорғаушылардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

29/07/2016

Меркі аудандық сотының төрағасы А.Дәуренбековтың төрағалығымен, судьялардың, сот қызметшілерінің, қорғаушылардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Қордай аудандық сотында «Мұрагерлік дауларды шешу барысында туындайтын мұрагерлік құқық заңнамаларын қолдану мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша сұрақтар» талқыланды.

29/07/2016
Қордай аудандық сотында «Мұрагерлік дауларды шешу барысында туындайтын мұрагерлік құқық заңнамаларын қолдану мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша сұрақтар» талқыланды.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кайрат Анарбекович Джаримбетовке қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды

29/07/2016

В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Жамбылской области завершилось слушание уголовного дела в отношении Джаримбетова Кайрата Анарбековича.

Ашық есік күні

29/07/2016
Халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында Мойынқұм аудандық сотының төрағасы Б.Мүлкібаев «Ашық есік» күні өткізді, кез келген азамат өзін толғандырған сұрақтарына жауап ала алады.