Архив событий

11/07/2016

Партисипативтік келісім бекітілді

11/07/2016

Байзақ аудандық сотында тараптардың өкілдері-адвокаттардың қатысуымен талап қоюшы Р. жауапкер К.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс бойынша партисипативтік келісім бекітілді

Медиативтік келісімге қол қойылды

11/07/2016

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында  талап қоюшы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жауапкер  К.-дан төлем қарызын өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

11/07/2016

Жуалы аудандық сотымен, талап қоюшы К. жауапкерлер К.,  «Жуалы ауданы әкімі аппараты» комуналдық мемлекетік мекемесі сатып алу-сату келісім шартын заңды деп табу туралы азаматтық іс қаралды.

Байзақ аудандық сотында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің жаңа әдеп кодексіне арналған дөңгелек үстел өткізілді

11/07/2016

Байзақ аудандық сотында Д.Тасыбаевтың төрағалығымен мемлекеттік сот қызметшілерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Сарысу аудандық сотында «ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/07/2016

Сарысу аудандық сотында барлық ауылдық округтердің әкімдері мен кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының тиімділігі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Көлiк құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жазаланды

11/07/2016

Мойынқұм аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 345 бабының 4 бөлігімен(Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) айыпталып сотқа берілген Е.Найманкуловқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қырғызстан Республикасының азаматы Т.Ачалиевқа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды

11/07/2016

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 286 бабының 4-бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы аса ірі мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы), 297 бабының  3-бөлігі 1, 3 тармақтарымен ( өткізу мақсатында адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтау, тасымалдау) айыпталған Қырғызстан Республикасының азаматы Т.Ачалиевқа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Тараз қаласы №2 сотында билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, Шу АІІБ-нің жедел уәкіліне қатысты қылмыстық іс қаралды

11/07/2016

Тараз қаласы №2 сотында билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны  үшін, Шу АІІБ-нің жедел уәкілі Ж.Курманалиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.