Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында «Еңбек қатынастарынан туындайтын даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында, судья Б.Турлыбаевтың, З.Абдикеримовтың, А.Байтерековтың, судьялыққа кандидат С.Чарипбекованың, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің басшысы Ж.Жармаеваның, Қордай аудандық прокуратурасының прокуроры Г.Абуеваның және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен «Еңбек қатынастарынан туындайтын даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Б.Тұрлыбаев өзінің баяндамасында еңбек дауларының көп бөлігі еңбек ақы төлеу және жұмысқа қайта тағайындау бойынша туындайтынын атап өтті. Соттар осы категориядағы істерді қарау кезінде, әдетте, сотқа дейінгі дайындық жұмыстары жүргізіліп, барлық қажетті құжаттарды сұрату және зерттеу, дәлелді қор жинау, істерді қараудың процессуалды мерзімдерін сақтау қажеттігін атап айтты.
2016 жылғы 1 қаңтардан күшіне енген ҚР жаңа Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке еңбек даулары келісу комиссияларымен қаралады, ал реттелмеген мәселелер немесе келісу комиссиясының шешімін орындамау бойынша – соттарда қаралады. Басқаша айтқанда, еңбек дауы бойынша келісу комиссиясының шешімімен жақтардың бірі келіспеген немесе сол шешім орындалмаған жағдайда ғана сотқа қайырылуға болады. Яғни, келісу комиссиясы сотқа қатысты баламалы құзырет органы емес, міндетті алдыңғы саты болып табылады.
Тәжірибеде осы келісу комиссиялары, ҚР Еңбек кодексінің 159-бабы талап еткендей, көп жерде жоқ және тұрақты жұмыс істемейді. Егер осыған дейін мүдделі тараптың  осындай даулардың көптеген бөлігін қарайтын сотқа тікелей қайырылуға мүмкіндігі болған болса, бұл жәйіт еңбек дауын шешуде аса қиындық тудырған жоқ, бірақ даудың келісу комиссиясында сотқа дейін міндетті қаралу талабы міндетті деп белгіленуімен мұндай комиссияның жоқтығы азаматтардың өз еңбек құқықтарын сотта қарағанда құқықтарын жүзеге асыруда кедергі болып отыр.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі.