Архив событий

06/12/2016

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің басшысы және онымен бірге болған тұлғалар пара алғандары және билік шегінен шығу немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғандары үшін бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді

06/12/2016

Тараз қаласы №2 сотында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің бұрынғы басшысы Р.Д.С. пен түзету мекемелерінің бұрынғы қызметкерлері С.Б.Н., А.А.Ж. және А.Б.Ж.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

 

"Медиация туралы" атты тақырыпта семинар

06/12/2016
Шу аудандық сотында судьялар Б.Абуев және Е.Ильясовтың, «Паритет» медиация  және заң орталығының басшысы, тренер- кәсіби медиатор К.Данабаеваның,  Шу ауданаралық және көлік прокуратурасының өкілдерінің, ішкі істер органның өкілдерінің,аудандық медиаторлардың, қала әкімдігінің  заңгері және аудандық сотының мамандарының қатысуымен «Медиация туралы» тақырыпта семинарлық сабақ өткізілді

Қырғызтан азаматына 15 жыл мерзiмге аса iрi мөлшердегі есірткі затын өткізгені үшін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

06/12/2016
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 286-бабының 4-бөлігімен (есiрткi заттармен байланысты аса iрi мөлшерде жасалған іс-әрекеттер), 297-бабының 3-бөлігінің, 1,3-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу), 392-бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту) айыпталып сотқа берілген И.П. Мамиевке қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды