Архив событий

02/12/2016

Жуалы аудандық сотының судьясы А.А.Замбаев Қазақстан Республикасы судьяларының VII cъезінде қозғалған сұрақтар бойынша сұхбат берді

02/12/2016
Аталған пресс-конференцияда судья А.А.Замбаев өз сөзінде, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрімұлы Алшынбаевпен бірге Жамбыл облысының делегациясы құрамында Қазахстан Республикасы Судьяларының VII Съезіне қатысқанын атап өтті

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағыт» тақырыбына аудандық соттың төрағасының, сот қызметкерлерінің және БАҚ өкілінің қатысуымен семинар сабақ өтті

02/12/2016
Кеңсе меңгерушісі Г.Орымбекова сыбайлас  жемқорлық  мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әрбір азаматтың міндеті және құқықбұзушылық әрекеттерді жасырмай хабарлап отыруы тиіс екендігін айтып  өтті

«Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» атты тақырыбында семинар сабақ өтті

02/12/2016
Аталған іс-шараға аудандық сотының төрағасының м.а. А.А.Замбаев төрағалық етіп, прокурор Б.Нуралиев, қорғаушы О.Шуақбаев, Жуалы ауданы Ішкі істер бөлімінің өкілі Е.Каипов, аудан медиаторлары З.Дулатбаев, А.Сейдалиев және БАҚ өкілдері қатысты

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «БАҚ өкілдерімен өзара іс қимыл мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

02/12/2016
Аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев 2016 жылдың 11 айында аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері тарапынан жергілікті газет беттеріне 41 мақала, сот жүйесінің жұмысы мен қызметкерлері жайында «Құлан таңы» газетінің редакциясымен 29 мақала, барлығы 70 мақала жарияланғанын, оның ішінде сот билігі, сот жүйесінің жұмысы жайлы – 21 мақала, судьялардың әдебі, мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жайлы – 2 мақала, сотта қаралған істер бойынша – 3 мақала, заң нормаларын түсіндіру жөнінде – 15 мақала, өзге де тақырыптарда –  29 мақала жарияланғанын атап өтті