Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б.Копжасаровқа қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б.Копжасаровқа қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, 18.03.2016 жылы алкогольдік ішімдік ішкен күйінде, сағат 23:20 уақыт шамасында, Б.Копжасаров Локомотивная көшесі бұрылысында орналасқан үйіне келе жатқан уақытта, көршілес үйлердің бірінде Р.-ды кездестірген. Кездесу барысында Б.Копжасаров Р.-ды балағаттай бастаған. Р. бірінші болып, алкогольдік ішімдік ішкен күйінде, Б.Копжасаровқа қол көтеріп, жұдырықпен соңғының бетіне және денесінің басқа бөліктеріне бірнеше соққы жасаған.
Өзара қарама-қайшылықтар нәтижесінде Б.Копжасаровтың  Р.-ды өлтіруге, яғни, құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға бағытталған қылмыстык ойы туындап, қылмыстык әрекетін ақырына дейін жеткізу мақсатында, Б.Копжасаров Р.-дың физикалық түрде басым екенін ұғына отырып, тергеумен анықталмаған пышақпен қаруланып, соңғының кеуде тұсының сол жақ бөлігіне соққы жасаған.  Дене жарақаттары салдарынан Р. оқиға орнында өткір қан жоғалту себебінен каза болған.
Соттың үкімімен: Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99 - бабы 1 - бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру жазасы түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 91-бабы 1-бөлігі 4-тармағы, 98-бабы 2-бөлігіне сай, сотталған Б.Копжасаровқа алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуді оның жазасын өтеу орнында тағайындалды.
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.