Жамбыл облыстық сотында «Тергеу судьясының өкілеттілігін жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтар: бұлтартпау шарасын санкциялау, процестік іс-әрекетті санкциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотында «Тергеу судьясының өкілеттілігін жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтар: бұлтартпау шарасын санкциялау, процестік іс-әрекетті санкциялау, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Жамбыл облыстық   сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, облыстың судьялары, облыстық прокуратураның, ҚАЖД ЖД-158/1 және ІІД өкілдері, сондай-ақ БАҚ қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде Жамбыл облыстық сотының судьясы Ляззат Рамазанова жүргізді.
Іс-шараны Н.Абидов ашып, тергеу судьясының институты Қазақстанда 2015 жылдың 01 қаңтарында жаңа Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің күшіне енгенінен бастап құрылғандығын атап айтты.
Ары қарай облыстық соттың судьясы Ләззат Рамазанова баяндама жасап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 22-қадамын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап тергеу судьяларына төрт қосымша іс жүргізу әрекеті беріліп, олардың өкілеттілігі айтарлықтай кеңейгендігін атап өтті. «Тәжірибе көрсеткендей, тергеу іс-әрекеттерін жүргізуде іс жүргізу тәртібін сақтамау дәлелдерді тануға жол бермейтін негіз болып табылады және оларды сәйкесінше қылмыстық іс материалдарынан алып тастауға әкеледі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында облыстық және оған теңестірілген соттардың тергеу судьяларымен 264 материал қаралды, оның ішінде 262 материал қанағаттандырылып, екеуінен бас тартылған» – деді Ләззат Мейрамқызы.
Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында ІІД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі М. Ережепов «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясындағы облыстың ІІД жасалған жұмыс бойынша статистикалық мәліметтерін келтірді, осыған сәйкес сотқа дейінгі тергеу 1560 қылмыстық істер бойынша басталған.
Ары қарай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы, әділет капитаны Г. Урисбаева тергеу судьясына санкциялау туралы талап-тілекті жолдау кезінде туындайтын сұрақтар жайында ақпарат берді. Осы тұста баяндамашылар мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емделетіндерді ұстаудың арнайы шарттарын көрсете отырып, жауапкершілік жүктелетін уәкілетті органдардың сотына нақтылау туралы ұсыныстар енгізді.  
Сонымен қатар іс-шара барысында облыстық прокуратураның 10-шы басқарма прокуроры А. Избанова, адвокат Р.Мұсақұлов, ОІІД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қ.Қойшыманов, облыстың судьялары Н.Дауылбаев, З.Абдикеримов және басқалары баяндама оқыды.
Соңында тараптар өз ойларымен бөлісіп, тергеу судьясының өкілеттілігін жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі