Жамбыл облыстық сотында байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2017 жылдың 27 маусымы - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Жамбыл облыстық сотында жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін марапаттады.
Іс-шараға Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, Жамбыл облыстық сотының алқа төрағалары Нұрмұхаммат Абидов, Жомарт Рүстембеков, Жамбыл облыстық сотының БАҚ-пен іс-қимылды өзара үйлестіруші судьясы Гүлнәр Сыздықова, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының м.а. Гузаль Тұрдыева, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Р.Алшынбаев өзінің құттықтау сөзінде Жамбыл облысының бұқаралық ақпарат құралдарында нағыз өз істерінің мамандары жұмыс атқаруда екендігін, олардың айқын азаматтық бағдары, болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамаулары, барлық жаңашылдыққа деген ашықтықтары, «ең анығына жетуге деген» талпыныстары әрқашанда мамандықтарындағы айырмалық сипаттама болды деп атап айтты.
Г.Сыздықова БАҚ қызметкерлерін құттықтап, өз баяндамасында соттар, БАҚ сияқты азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғап, бір ортақ іс жасап жатқандарын айтты. Сондай-ақ жергілікті БАҚ және тілшілер қауымдастығының сот жүйесінде болып жатқан жаңашылдықтардың жарықтануындағы және реформалық өзгерістердегі сондай-ақ басқа да позитивті істердің үлкен рөлін атап өтті.
Іс-шара барысында Р.Алшынбаев резонанстық және қоғамдық маңызы бар істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметі бойынша жедел және объекивті жарықтандырғандары үшін БАҚ қызметкерлері Гүлжан Асановаға, Арайлым Шабденоваға, Ардақ Үсейіноваға, Олга Щукинаға, Рамина Мірзәлімоваға, Асқар Әділовке, Мадияр Уақбаевқа, Рахат Күзбергеновқа, Жансая Елемесоваға, Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаеваға, үйлестіруші-судьялар Ерлан Тәжібаевқа, Думан Мәуленовқа, Досжан Төленбековке, соттардың баспасөз-хатшылары Райхан Ратоваға, Ақерке Керімоваға, Меруерт Альменоваға сыйлықтар мен мақтау қағаздарын салтанатты түрде табыс етті.
Өз кезегінде тілші Гүлжан Асанова байланыс және ақпарат қызметкерлерінің атынан Жамбыл облыстық сотының ұжымына ұйымдастырылған мереке және құттықтауларға, сонымен қатар сый-сыйапаттары үшін, атқарылған жұмыстың және сот қызметкерлерінің жұмыла салған күштерінің арқасында, сот жүйесі жылдан-жылға үсті-үстіне ашық бола түскендігін және халыққа, БАҚ-на қол жетімді бола түскендігін атап айтып, алғысын білдірді. Былтырғы жылдармен салыстырғанда істер жайындағы кез-келген ақпарат қысқа уақыт аралығында және жедел ұсынылады.
                                                                                
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі