Архив событий

16/06/2017

Жамбыл облыстық сотында судьялыққа үміткерлер арасынан бір жылдық тағылымдамадан өтетін тұлғаларды іріктеу комиссиясының кезекті отырысы өтті

16/06/2017

2015 жылдың 4 желтоқсаны редакциясындағы, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29 бабына сәйкес судьялыққа үміткерлерге сотта бір жылдық тағылымдамадан өту туралы талап қойылған.

Мойынқұм аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

16/06/2017

Мойынқұм  аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында кезекті «Ашық есік» күні өткізілді. Жергілікті  азаматтарды қабылдауды сот төрағасы м.а.  Б. Далибаев жүргізді.

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және хаттаманы талапқа сай рәсімдеу ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел

16/06/2017

Талас аудандық сотында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және хаттаманы талапқа сай рәсімдеу ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық Департаментінде көшпелі семинар өткізілді

16/06/2017

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Б.Джунусовпен және жетекші маман А.Байбуловпен Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық Департаментіне шығуымен Заң қызметі бөлімі, Әкімшілік бөлімі және Ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкерлеріне талап қою ісін жүргізу, бұйрық арқылы іс жүргізу және ерекше іс жүргізу  бойынша арыздарды «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы жолдау тәсілін көрсетуімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.