Архив событий

23/06/2017

Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

23/06/2017

Қордай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабы 1 бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған У-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының мамандары «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай кұрмет грамоталарымен марапатталды

23/06/2017

Бүгін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Мадемаров соттың мамандарын үздік кәсіби білімдері мен дағдыларына ие, қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында сот мамандарын құрмет грамоталарымен марапаттады.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Шу аудандық сотында көшпелі азаматтарды қабылдау өткізеді

23/06/2017

2017 жылдың 30 маусымында сағ. 10:00 ден 12:00 дейін Шу аудандық сотының ғимаратында Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев аудан тұрғындарына сот әділдігін жүзеге асыру бойынша, сот жүйесінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жеке қабылдау өткізеді.

 

Этномәдени бірлестігінің активистері мен көшбасшыларының құқыққорғау органдарының және жергілікті атқару билігінің өкілдерімен кездесуі

23/06/2017

«Халықтың бірлігі – еліміздің тұрақтылығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының және облыстық прокуратураның  ұйымдастыруымен этномәдени бірлестігінің активистері мен көшбасшыларының құқыққорғау органдарының және жергілікті атқару билігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

 

«Мемлекеттік қызметші - халық қызметшісі»

23/06/2017

Елімізде 2013 жылдың 23 желтоқсаны Президенттің Жарлығымен 23 маусым «Мемлекеттік қызметші»  күні деп жарияланды, осы  мерекеге сай, Мойынқұм аудандық сотында «Мемлекеттік қызметші - халық қызметшісі» атты  тақырыпта семинар сабағы  өтті. Аталған іс шараға соттың  мемлекеттік қызметкерлері қатысты.