Ювеналдық сотының ұжымы Тараз қаласындағы тарихи мәдени архитектуралық «Қали Жүніс моншасында» болып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген мәдени-танымдық жұмыстарды жүзеге асыру аясында  Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының ұжымы төраға  Е.М.Дүйсенбаевтың жетекшілігімен Тараз қаласындағы тарихи мәдени архитектуралық «Қали Жүніс моншасында» болып қайтты.
Іс-шараның басты мақсаты рухани-мәдени білімді жаңғырту,  туған жерге деген сүйіспеншілікті дарыту, өлкенің терең тарихын жете танып білуге құштарлықты арттыру болып табылады.
«Қали Жүніс» моншасын  Ауле-Ата қаласының  өнер туындыларымен  XIX ғасырда салынғандығын және «Қали Жүніс» атымен  берілгендігін экскурсовод Оразбакова А. айтып өтті.
Сондай-ақ, моншаны соғу барысында Ортағасырлық  шығыс елдерінің   архитиктуралық  композициялары мен  жылу беру жүйесі қолданылған. Келушілер мен  туристерді көптеген қызығушылық танытқан.  XX ғасырдың  1950-ші  жылына  дейінгі уақыт аралығында монша жұмыс жасап отырған.
Ал, қазіргі таңда  моншаны қалпына келтірілген архитектуралық ескерткіш  болып табылады.
Экскурсия соныңда сот қызметкерлері бізді қоршаған ортаның осы қалыпта бізге жетуінің өзі өткен шаққа байланысты деген тұжырымға келді.
     
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі