Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ҚК-нің  262-бабының 2 бөлігімен, 188 бабының 4 бөлігі 1 тармағымен айыпталған Б.М-ға, ҚР ҚК-нің  262 бабының 2 бөлігі және 188 бабының 4 бөлігі 1 тармағымен айыпталған А.Қ-ға, ҚР ҚК-нің  262-бабының 2 бөлігімен, 188 бабының 4 бөлігі 1 тармағымен, 188 бабының 3 бөлігімен айыпталған  Ғ.Б-ға, ҚР ҚК-нің  262-бабының 2 бөлігімен , 188 бабының 4 бөлігі 1 тармағымен айыпталған Д.А-ға, ҚР ҚК-нің 361 бабының 4 бөлігі 1 тармағымен айыпталған  Е.Ш-ға, ҚР ҚК-нің  188 бабының 2 бөлігі 1, 2, 3 тармақтарымен айыпталған Ж.Б-ға, ҚР ҚК-нің  188 бабының 3 бөлігімен айыпталған Т.К-ға  қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.                      
Ұйымдасқан қылмыстық топ алдын ала сөз байласу арқылы қала базарында, көпшілік транспортта, сондай-ақ Тараз қаласы тұрғындарының үйлеріне ұрлық жасаған. Ұйымдасқан топтың іс-әрекетіне өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып бұрынғы ішкі істер қызметкері Е.Ш. белсене көмектескен.                                                                                       
Сот үкімімен Б.М., А.Қ., Д.А. ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, сонымен қатар 10 эпизодты ұрлық жасағаны үшін оларға 6 жылдан 6 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасын  қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары және орташа мекемесінде өтеу белгіленді.
Г.Б., Т.К., Ж.Б. 5 эпизод ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 6 айдан  4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасын  қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары және қауіпсіздігі төтенше мекемесінде өтеу белгіленді.
Полиция қызметкері Е.Ш. ҚР ҚК-ң 361 бабы 4 бөлігі 1 тармағымен кінәлі деп танылып, яғни қылмыстық топтың әрекетіне  қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін оған меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасы оны мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жаза  қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
ҚР ҚК-нің 49 бабына сәйкес, Е.Ш. полиция аға лейтенанты арнаулы сыныптық шенінен айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі