Туу фактісі тіркелмеген азаматтарды құжаттандыру барысында туындайтын мәселелер туралы дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында Жамбыл облысы азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Жомарт Рүстембековтің, облыстық соттың судьясы Ғалым Күлекеевтің, Жамбыл облыстық судьялар одағының төрағасы Тахмина Сұлтанованың, қамқоршы және қорғаншы бөлімінің меңгерушісі Абзал Жексембаевтің, АХАТ бөлімінің меңгерушісі Бакытнұр Тлеубекқызының, Жамбыл облысы ІІБ-нің аға участкілік испекторы полиция  Диляфруз Кинжеханованың және көші-қон полиция инспекторы ІІБ Зульфия Калмаганбетованың қатысумен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу кезінде дөңгелек үстелге қатысушылар  әр түрлі жағдайға байланысты туу туралы куәлік алмаған балаларды және жеке басын анықтау құжаттары жоқ адамдарды құжаттандыру саласындағы сұрақтарды талқылады.
Тараз қалалық соты төрағасының м.а. Самат Таусаров қатысушыларға  тараптармен жеке басын анықтау құжаттары жоқ адамдарды уақтылы құжаттандыру туралы насихаттау іс-шараларын бірге өткізу және уақтылы құжаттарды алу туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.
Кездесу нәтижесінде, дөңгелек үстелге қатысушылар 05.10.2017-01.12.2017 ж. аралығында Тараз қалалық сотының ғимаратында акция түрінде азаматтарға құжаттандыруды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру туралы шешімге келді.
                                                                                                  
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі