Тонау жасаған сотталушыға қатысты үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы  №2 сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының  2-бөлігінің  1-тармағымен (тонау) айыпталып, сотқа берілген М.Р.-ге   қатысты қылмыстық іс қаралды.
23.02.2017 жылы М.Р. шамамен 14.30 сағатта Тынышбаев көшесімен өтіп бара жатып, өзімен маркасы «LG K-8» ұялы телефоны болған өзіне бұрын таныс емес кәмелет жасқа толмаған Т.В-ны көрген.
Осы уақытта М.Р. кәмелет жасқа толмаған Т.В-ның мүлкін ашық жымқыру туралы қылмыстық ойы туындаған. Осы ойын жүзеге асыру мақсатында М.Р. Т.В.-ға келіп, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен қорқытып, одан ұялы телефонын беруді талап еткен. Кәмелет жасқа толмаған Т.В. өзінің денсаулығы үшін қорқып және өзінің мүлкін сақтау үшін М.Р-дан қаша бастағанда, М.Р. жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, кәмелет жасқа толмаған Т.В-ның аяғынан тебу арқылы соққы келтірген. Алған соққыдан соңғы жерге құлаған. Осы уақытта М.Р. жерде жатқан кәмелет жасқа толмаған Т.В-ға келіп, бағасы 200 теңге тұратын «Tele 2» ұялы байланыс Sim картасы орнатылған, бағасы 45 000 теңге тұратын, оның маркасы «LG K-8» ұялы телефонын ашық түрде жымқырған.
Осының нәтижесінде, М.Р. кәмелет жасқа толмаған Т.В-ға барлық сомасы 45 200 теңге болатын материалдық залал келтірген.
Тараз қаласы №2 сотының 10.05.2017 жылғы үкімімен М.Р. ҚР ҚК-нің 191-бабының  2-бөлігінің  1-тармағымен (тонау) кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сай тағайындалған жазаға Тараз қаласы №2 сотының 26.01.2017 жылғы үкімі бойынша өтелмеген жаза мерзімі ішінара қосылып, түпкілікті 4 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 4 (төрт) жыл 6 (алты) ай мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, оның меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі