Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау және сотта жемқорлықты ескерту шаралары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Жамбыл облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлім бастығы Р.Болжамбаев қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау және сотта жемқорлықты ескерту шараларын талқылау бойынша жедел кеңесін өткізді.
Іс-шараға: Жамбыл облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлім бастығы Р.Болжамбаев, соттың төрағасы А.Мадемаров, судьялар Д.Мерзадинова, Д.Мауленов, К.Усембаева, Д.Дуанбеков және сот қызметкерлері қатысты.
Р.Болжамбаев өз баяндамасында бүгінгі таңда соттардағы жемқорлықпен күрес мемлекет қатаң қадағалауын екенін ескертті. Сонымен қатар, қатысушыларға іс жүргізуден тыс қарым-қатынас жасау және этикалық кодекс нормаларын сақтамау мысалдарын айтып берді.
Кездесу барысында сот ғимаратында сенсерлік телефондардың қолданылмауына және сот мамандарымен арнайы киім үлгісін сақтауына назар аударылды.
Кездесу соңында Р.Болжамбаев заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуді ұсынды.
   
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі