Тараз қалалық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотының төрағасы м.а. С.Таусаров «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға судьялар Т.Азбекова, Ж.Абаева,  Г.Камзиева, Б.Манкетегі, Н.Сергазиев, Ж.Бексейт, К.Сатыбалды, С.Калдыбаев, М.Тлеубеков қатысты.
С.Таусаров қазіргі уақытта Қазақстандағы гендерлік саясат Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарылып жатқанын айтты. Конституцияның 14 бабының 2 тармағында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп көрсетілген. Қазақстан БҰҰ–ның және тағы басқа әйелдердің құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдардың Конвенциялары және Декларацияларына қосылған, соның нәтижесінде әйелдердің саяси құқықтарының іске асырылуы мен жасырын және ашық гендерлік дискриминацияны жеңу жұмысының ахуалы  жоғарылағанын атап өтті.
Семинарға қатысушылар тақырып бойынша пікірлерін білдіріп, Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері, басымдылықтары мен міндеттерін айқындады.
 
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі