Талас аудандық сотында «Тіл- ұлт келбеті. Мемлекеттік тілдің сот салысында қолданылу сапасы» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында судья Б.Жармұхамбетов кеңсе меңгерушісі А.Қалабаевтың, Талас аудандық прокуратурасының прокуроры  М.Темиржановтың, Талас ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы  М.Асабаевтың,  Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты С.Бердиярованың, аудандық соттың жетекші маманы А.Қазбекованың  қатысуларымен «Тіл- ұлт келбеті. Мемлекеттік тілдің сот салысында қолданылу сапасы» тақырыбында  семинар сабағын өткізді.
Іс-шараның өткізілу мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және сот саласында қолданылу сапасын  көтеруге, дамытуға бағытталған.
Судья Б.Жармұхамбетов өз баяндамасында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы негізінде қазіргі таңда мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін біршама іс атқарылып, бағдарламалар жасалынып, арнайы заң қабылданғанын, Қазақстан Республикасының соттарында  іс жүргізу және сот өндірісін жүргізу толығымен мемлекеттік тілде жүзеге асырылып отырғаны туралы баяндама жасады. Мемлекеттік органдармен сотқа жолданатын құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс рәсімдеу қажеттігі туралы айтылды.
Семинар сабаққа қатысушылар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын  барынша кеңейту туралы пікір алмасты.
 
Қайнар:  Талас аудандық сотының баспасөз қызметі