Тағы бір отбасы медиацияның көмегімен сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық соты талап қоюшы К.Ә.-нің жауапкер Ж.Б.-мен неке бұзу туралы азаматтық істі қарады.
Істі сотта талқылауға дайындық жүргізу барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұраған. Келісімге сәйкес, жауапкер Ж.Б. талап қоюшыға сыйластық танытып,түсіністікпен қарауға, отбасына көңіл аударуға міндеттенді.  
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277 бабына сай, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Соттың ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібімен реттелуіне байланысты өндірісімен қысқартылып, мемлекеттік баж 681 теңге талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.              
 
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі