«Сот жүйесінің ашықтығы» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында судья М.Байтасова Талас ауданы бойынша кірістер басқармасының және адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуларымен «Сот жүйесінің ашықтығы» тақырыбында семинар сабағын  өткізді. 
Іс-шара барысында баяндамашымен сот жүйесіндегі ашықтық пен ыңғайлылық қазіргі кезеңнің ең өзекті мәселелерінің бірі екендігін айтты.
Халықтың құқықтық санасын жетілдіріп, ыңғайлылығын арттыруда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен халыққа ыңғайлы сот кабинеті АЖ, БААТЖ, Е-gov жүйесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының порталы  және тағы да басқа түрлі ақпараттық жүйелер құрылуда.  Аталған жүйелер халыққа ыңғайлы, тұлғалар, соттардағы, өзіне қатысты іс бойынша кез келген мәліметтерді ала алады.
Іс-шараның соңында судья қатысушылардың бір қатар сұрақтарына жауап берді.
                                                               
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі